№92 МЛ 1-сынып оқушыларына арнап «Қауіпсіздік сабағын»

20-қыркүйек күні «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары №92 МЛ 1-сынып оқушыларына арнап «Қауіпсіздік сабағын» өткізді, барлығы 106 бала қатысты. Сабақтың басты мақсаты балалардың әртүрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілетін қалыптастыру.

Қауіпсіздік сабақтары бірнеше тақырыптарды қамтыды. Соның бірі «Үйдегі және қоғамдық орындарындағы қауіпсіздік» және «Бейтаныс адамдардың саған қол тигізуіне жол берме», — деп аталды. Оқушыларға сабақ барысында қауіпсіздікке арналған слайд көрсетіліп, сұрақтар қойылды. ПҚО психологтары балаларды топтарға бөліп, ойындар өткізді, шағын мультфилімдер көрсетті.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *