5 желтоқсан күні Астана қаласының «Психологиялық қолдау орталығы» психологы №2 МГ дирекциясының ұйымдастыруымен, жыл сайынғы халықаралық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» шарасына қатысты.
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы кездесу қатысушылар үшін өте маңызды әрі пайдалы болды. Психологтардың, ювеналды полиция мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен өткен жиында балаларға зорлық-зомбылық, бопсалау, психологиялық қысым және оның ауыр салдары туралы ақпарат берілді. Мамандар жастардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын талқылады.

