11 қыркүйекте елорданың №22, 30, 28, 56, 41, 15, 58, 98, 48, 91, 34, 73, 13, 21, 49, 23, 24, 103, 88, 108, 71, 90, 79, 81 мектептерінде жоғары сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кездесулер өтті.
Іс-шаралар «Психологиялық қолдау орталығының» әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушыларына ПҚО қызметі мен қолжетімді көмек түрлері туралы ақпарат берілді. Кездесудің басты мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және өмірлік қиын жағдайларда көмек алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету. Жақын уақытта мұндай кездесулер елорданың басқа да білім беру ұйымдарында өткізіліп, 100% қамту жоспарланып отыр.

