Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы әлеуметтік-психологиялық мәселе ретінде

2025 жылғы 17 сәуір күні №74 МГ мәжіліс залында  ПҚО әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы әлеуметтік-психологиялық мәселе ретінде» атты қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу, бұл бағытта тиімді жұмыс тәсілдерімен бөлісу, сондай-ақ сала мамандары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты арттыру болды. Іс-шараға колледж педагог-психологтары мен пән мұғалімдері, мектеп және колледж әлеуметтік педагогтардан құралған 110 педагог қатысты.

Семинар барысында кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының алдын алу, «Мобильді топ» және «Жедел әрекет ету топтарының» жұмыс істеу алгоритмі, тәрбиелік жұмыстар арқылы девиантты мінез-құлықты болдырмау мәселелері кеңінен қаралды. Қатысушылар бала бойындағы мінез-құлық ауытқуларының себептерін түсінудің маңыздылығына тоқталып, психологиялық қолдаудың тиімді жолдарын практикалық жаттығулар арқылы талқылады.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *