«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету және Бүкіләлемдік балалар күні аясында Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығының» базасында балалықты қорғау саласында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ведомствоаралық кездесу өтті.
Диалог алаңына прокуратура өкілдері, Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, Білім басқармасы, Балаларды қолдау орталығы, «Байқоңыр» аудандық прокуратура, полиция басқармасы, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Негізгі назар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және қиын өмірлік жағдайда қалған азаматтарға уақытылы көмек көрсету мәселелеріне аударылды.
Диалог алаңы мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық өзара әрекеттестікті қамтамасыз етіп қана қоймай, практикалық шешімдер мен бастамаларды әзірлеу құралы болуға тиіс екенін – кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Саркенова атап өтті.
Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – қиын және сыни жағдайларда отбасылармен жұмыс істеу үшін жедел әрекет ету тобының іс-қимыл алгоритмін әзірлеу және іске қосу болды, – деп атап өтті Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімі бас маманы Гүлсім Тукеновна.
Талқылау барысында сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг пен аутодеструктивті мінез-құлық мәселелері, сондай-ақ жасөспірімдер ортасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары да қарастырылды.

