2025 жылғы 13 тамызда «Психологиялық қолдау орталығына» балалардың, жасөспірімдердің және олардың заңды өкілдерінің психикалық денсаулығы мен психоәлеуметтік қолдау мәселелері бойынша ЮНИСЕФ-тің халықаралық сарапшысы, Люксембург университетінің постдокторантуралық зерттеушісі Виталий Климчук пен ЮНИСЕФ-тің «Жасөспірімдер мен жастарды дамыту» бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова келді. Халықаралық сарапшылар балаларға, жасөспірімдерге және олардың отбасына психологиялық көмек көрсету жүйесін дамыту мәселесін талқылады.
Қонақтар орталықтың қызметімен танысып, оның жұмысын ұйымдастыру барысын зерделеді. Ерекше назар балалардың, жасөспірімдердің, олардың ата-аналары мен педагогтарының әл-ауқатын қолдауға және нығайтуға бағытталған бірыңғай психологиялық қызмет жүйесін құруға аударылды.
ЮНИСЕФ өкілдері орталықтың жұмысын жоғары бағалап, елдегі психологиялық көмектің сапасын арттыру мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

