23–27 сәуір аралығында Астанада VIII Халықаралық «Astana Eurasian Book Fair-2025» кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Шара әдеби жаңалықтармен танысатын алаң ғана емес, сонымен қатар авторлармен жүздесіп, қолтаңба алу, пікірлес адамдармен маңызды тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін орынға айналды.
ПҚО психологтары «Алматыкітап баспасы» бірлесіп, 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне арналған «Мен өз баламды білемін бе» кітабының интерактивті тұсаукесерін өткізді. Басылым ата-аналардың, балалар психологиясы мен білім беру саласындағы мамандардың қызығушылығын тудырды. Презентация мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу және қолдау мәселелерін жанды талқылаумен қатар жүрді.

