Балаларды зорлық-зомбылық пен буллингтен қалай қорғауға болады? бұл сұраққа Baigenews.kz ақпараттық порталындағы «Важная тема LIVE» бағдарламасында қонақта болған «Психологиялық қолдау орталығының» басшысы Г.Қ. Капанова өз жауабын берді. Эфир барысында ол журналистің балаларды қорғау тақырыбына қатысты сұрақтарына жауап берді.
Гүлмира Қадырбайқызы баланы қорғауда ерте алдын алудың, мектеп, отбасы және мамандардың бірлескен әрекетінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ балаларға өзін-өзі реттеу, қажет кезде көмек сұрай білу дағдыларын үйрету қажет екенін айтты. Сонымен қатар, ол ПҚО мамандарынан тегін кеңес алу мүмкіндігі бар екенін де еске салды.

