28 тамыз күні №56 МЛ базасында «Сынып жетекшінің аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы рөлі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараны «Психологиялық қолдау орталығының» әдіскерлері мен мектеп әкімшілігі ұйымдастырды. Семинарға 78 педагог қатысты.
Іс-шараға ПҚО директорының орынбасары Баранбаева А.С. және мектеп директоры Оспанова А.К. қатысып, талқыланып отырған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
Өз тәжірибелерімен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бикетова Н.Ш., Жунусов Д.К., мектеп психологтары Жаппашева А.Р., Жумакишева А.М., сондай-ақ сынып жетекшілері Тұтқышбаева А.Б., Қами И.С., Габбасова Г.Ә., Серікбаева А.М., Мүсрепова А.К., Сүлкеева А.Ж., Төкеновна А.Т. бөлісті.
Семинарда оқушылардың психологиялық әл-ауқаты, суицидтің алдын алу, ата-аналармен жұмыс және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелері талқыланды. Бағдарлама презентациялар мен тәжірибе алмасуды қамтыды. ПҚО белсенділік танытқан мектеп педагогтарына алғысын білдіреді.

