«STOP — буллинг» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ №66 МЛ базасында әлеуметтік педагогтарға арналған қалалық семинар ұйымдастырды, семинарға 65 педагог қатысты.
Семинар қонағы болып «Жанұя» Отбасын қолдау орталығы» КММ Есіл ауданының бөлім басшысы Ахметжанова Г.Т. және Есіл ауданының ювеналды полиция бөлімі басшысының м.а. полиция майоры Кожахметова А.Н. қатысып, педагогтарға әлеуметтік қызметтерді алу алгоритімін, баланы қорқытудың (буллингтің) алдын-алу ережесімен таныстырды.
Сонымен қатар, семинардың қатысушыларына буллингтің белгілері, себептері және зардаптары туралы кең ақпарат берілді. Педагогтар бұл семинардан алған білімдері мен дағдыларын мектеп оқушыларының өмірінде қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру үшін қолдана алады.

