12 тамыз күні Петропавл қаласында «Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы: заманауи сын-қатерлер мен сүйемелдеудің басымдықтары» тақырыбында өңірлік конференция өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» мен «Психологиялық қолдау орталығы» КММ.
Аталған конференцияда Астана қаласындағы «Психологиялық қолдау орталығының» басшысы Г. Қ. Қапанова «Психологиялық тұрғыдан қауіпсіз білім беру ортасын құру: тәсілдер мен шешімдер» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияның мақсаты — білім беру саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту мәселелері бойынша ведомствоаралық тиімді өзара іс-қимыл жасауға жағдай жасау болып табылды. Жасөспірімдер арасындағы деструктивті мінез-құлықтың, мазасыздықтың, эмоционалдық күйзелістің және психоэмоционалдық кернеудің өзге де түрлерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға аудандық және облыстық өңірлік әдіскерлер, білім басқармасының мамандары, психологтер, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, тәрбие және оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары қатысты.

