5 желтоқсан күні «Психологиялық қолдау орталығы» базасында «Әрекет алаңы» жобасы аясында ҚХА Астана қалалық Аналар кеңесі ПҚО жұмысымен танысты. Келген қонақтарды ПҚО басшысы Г.Қ. Капанова орталық жұмысымен таныстырып, балалар мен ата-аналарадың психологиялық мәдениетін көтеру бағытындағы бастамаларды талқылады.
Орталықтың қызметімен қалалық және республикалық Ана кеңесінің өкілдері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, әлеуметтік инноваторлар және әкелер қозғалысы ұйымының өкілдері танысты. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қауіпсіз әрі саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған бірлескен жобаларды дамыту жөнінде ұсыныстар білдірді.

