12 желтоқсан күні ПҚО және қалалық білім беру мекемелерінің психологтарымен бірлесіп, ауыл мектептерінің оқушыларына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушыларна арналған тренинг өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың эмоционалды тұрақтылығын нығайту, стрессті азайту және өзіне деген сенімділікті арттыру болды.
Тренинг мектеп оқушыларына стрессті жеңудің практикалық дағдыларын үйретуге, сондай-ақ салауатты эмоционалды жағдайды сақтауға бағытталған. Психологиялық дайындық деңгейін арттыру өз күшіне сенімділік береді және жарыста жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

