ПҚО 20 желтоқсан күні №55 орта мектебінде Астана қаласының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагог-психологтарға арналған қалалық семинар өткізді. Семинарға 35 педагог қатысты.
Семинар барысында ПҚО әдіскері ЕБҚ балалармен жұмыс істеудегі педагог-психологтардың қызметінің ерекшеліктері мен негізгі жұмыс бағыттармен таныстырды. Семинардың практикалық бөлімінде №5 МГ психологтары Я.В. Лоюком, №72 МГ Н.Ж. Имамбаева және Д.Е. Жанатбекова ЕБҚ бар балалармен жұмыс істеу бойынша тәсілдер мен әдістемелік ұсынымдар ұсынды.
Іс-шара соңында қатысушылар инклюзивті білім беру саласындағы білімдерін кеңейту мүмкіндігі үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

