Құқықбұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өтті

16 қыркүйекте елорда мектептеріндегі Білім басқармасының құқық бұзушылықтардың алдын алу жоспары аясында, № № 4, 6, 7, 11, 12, 42, 43, 44, 50, 51, 59, 62, 78, 96, 97, 99, 101, 111, 112, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында құқықбұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өтті.
Іс-шара барысында ПҚО-ның әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйледі.
8-11 сынып оқушыларына өмірлік қиын жағдайларда көмекке жүгінудің маңыздылығы, Орталықтың қызметі және психологиялық қиындықтарды еңсеру жолдары туралы ақпарат берілді.Кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және қолжетімді қолдау түрлері туралы хабардар етуге бағытталды. Алдағы күндері осындай іс-шаралар елорданың басқа да мектептерінде өткізілмек.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *