Астананың 24 мектебінде 18 қыркүйек күні Білім басқармасының бастауымен өтіп жатқан құқықбұзушылықтардың алдын алу бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды. Оған ПҚО әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шаралар оқушылар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және көмек алу жолдарын көрсетуге бағытталды. Алдағы күндері Астананың басқа мектептерінде де кездесулер ұйымдастырылады.

