5 маусымда ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев 20 өңірдің «Психологиялық қолдау орталықтарының» директорларымен кездесті, Астана қаласынан ПҚО басшысы Г. К. Қапанова қатысты.
Кездесу білім беру жүйесіндегі балаларды психологиялық қолдау мәселелеріне арналып, ашық диалог форматында өтті.
Кездесу барысында психологиялық қызметтердің рөлінің маңыздылығы, мектеп психологтарының қызметінің ерекшеліктері, сондай-ақ педагогтар мен оқушыларды психологиялық қолдаудың тұрақты жүйесін қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды. Алдағы жұмыста педагог-психологтардың кәсіби дамуын жүйелі қолдаудағы ПҚО рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, педагогикалық және ата-аналар қоғамының психологиялық ағарту жұмыстарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Министр қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында психологиялық сүйемелдеу оқу-тәрбие процесінің ажырамас бөлігіне айналып жатқанын атап өтті.

