2024 жылы 15 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ жоспар бойынша балақайлар мектебі оқушылары үшін «Қауіпсіздік сабақтары» атты квест ойындарын өткізуін жалғастырды. Іс-шараға №90 МГ болашақ 36 бірінші сынып оқушылары қатысты.
Квест барысында балалар қауіпсіздік ережелеріне байланысты тақырыптық мультфильмдерді қызығушылықпен қарап, өздерін бейтаныс адамдармен қалай ұстау керектігін және қиын жағдайға тап болса, қалай көмек сұрау керектігін түсінді.
Балақайлар бірінші қауіпсіздік сабағының қалай ұнағанын әңгімеледі. Ал бастауыш сынып мұғалімдері оң пікірлерін қалдырып, осындай іс-шаралардың оқу-тәрбие процесінде маңыздылығын белгіледі.

