8 қараша күні ПҚО психологтары «Сарыарқа» ауданы мектептерінің педагог-психологтарына және журналистика, психология факультеттерінің студенттеріне арналған «Қауіпсіздік сабағы» атты шеберлік сыныбын өткізді, № 105 МГ базасындағы іс-шараға 13 студент, 8 педагог, 6 сыныптың 19 оқушысы қатысты. Біздің психологтар қауіпті жағдайларда балаларға қауіпсіздік ережелері мен дұрыс мінез-құлық алгоритмін үйрету, қаншалықты қызықты екенін іс жүзінде көрсетті. Психологтармен бірге балалар кибербуллинг мәселесін , сондай-ақ егер біреу буллинг куәгері немесе құрбаны болса, не істеу керектігін талқылады. Іс — шараны көргеннен кейін педагог-психологтар өз мектептерінің базасында балалармен өз мектептерінде осындай «Қауіпсіздік сабақтарын» өткізу үшін сабақ материалдарын алды. Ал студенттер елордадағы «Психологиялық қолдау орталығының» қызметі туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады.

