«Қауіпсіздік сабағы» №60 мектеп-лицейнің балақайларына  арналды

2024 жылдың 23-тамыз күні «Қауіпсіздік сабағы» №60 мектеп-лицейнің балақайларына  арналды.

Бүлдіршіндерге қауіпсіздік сабағы «Үйдегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік», «Ата-анасыз басқа біреудің көлігіне отырма» атты тақырыптарды қамтыды. Сабаққа қатысқан балалар үш-төрт командаға бөлініп, әр топқа психологтар бекітіліп көмек көрсетті. Командаларға практикалық жұмыстарға арналған материалдар таратылды. Ұсынылған карточкалар ішінен сәйкес келетін суреттер таңдалып, әр топ өз ұжымдық жұмысын қорғап, не үшін ол суретті таңдағаны туралы өз ойларын, көзқарастарын білдірді.

ПҚО психологтары ұйымдастырған қауіпсіздік сабақтары балалардың жауапкершілігін арттырып, оларды өздерінің және басқалардың қауіпсіздігіне жауап беруге бейімдейді. Осылайша, балалар қауіп-қатерден аман өту мен өздерін қорғау қабілеттерін дамытады, бұл – олардың өміріндегі ең құнды дағды.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *