Қауіпсіздік сабағы

5-ші қыркүйек күні Астана қаласы «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен № 11 мектеп-лицейінде 1-ші «А», «Ә», «Б», «Д», «З» сыныптарының оқушыларына арналған «Қауіпсіздік сабағы» болып өтті.

Бұл сабақ балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, оларды түрлі жағдайларда алғашқы қадамдар жасауға үйрету мақсатында өткізілді. Бағдарлама барысында балаларға күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлер, көшедегі қауіпсіздік ережелері және бейтаныс адамдармен сөйлеспеу керектігі айтылып, даладағы бесік арбада баласы бар немесе өз балаларымен серуендеп жүрген аналардан көмекті сұрау қауіпсіз екендігін айтып кетті.

Сабақ барысында ПҚО психологтары балаларға халықаралық көмек сұрау белгісін көрсетіп, қауіпті жағдайда 102 нөміріне хабарласуға үйретті. Осындай іс-шаралар оқушылардың өздерін сенімді сезінуіне және қауіпті жағдай туындаса, абдырап қалмауы үшін зор үлесін қосады.

Сабақтың соңында мектеп психологы Аренова Ә.Б. және педагогтар өткізілген іс-шараға өз алғыстарын білдірді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *