Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана

2025 жылдың 10 сәуірінде ПҚО психологтары №97 МГ  жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана» тақырыбында семинар өткізді, семинарға барлығы 33 ата-ана және 3 психолог қатысты. Кездесу аясында жасөспірімдерге тән психологиялық ерекшеліктер, ата-аналық жауапкершілік және отбасыдағы қолайлы психологиялық климат қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға, сондай-ақ эмоционалды қолдау дағдыларына ерекше назар аударылды. Семинар соңында қатысушылар бұл форматтағы кездесулердің тиімділігіне тоқталып, алғыстарын білдірді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *