Қалалық семинар: психологиялық қызметтің қорытындылары мен даму бағыттары

29 желтоқсанда Білім басқармасының тапсырмасына сәйкес ПҚО әдіскерлері тарапынан №115 мектеп базасында «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызмет қорытындылары және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың даму перспективалары» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға білім беру ұйымдарының 245 педагог-психологы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының 19 психологы қатысты. Семинар барысында ПҚО-ның 2025 жылға арналған қызметінің қорытынды есебі ұсынылып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланып, алдағы дамудың басым бағыттары айқындалды.

Семинарды өткізу психолог мамандығының қоғамдағы рөлін арттыруға, оның кәсіби мәртебесін нығайтуға, мамандар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салалары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталды.

Іс-шара аясында №91 МГ  11 «В» сынып оқушысы Асылхан Нурай   «Болашақ психологтар мектебі» атты жаңа пилоттық жобасымен  таныстырды. 

Семинар қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасарының, Білім басқармасының және ПҚО-ның алғыс хаттарымен білім беру, денсаулық сақтау және басқа да ведомствоаралық құрылымдар психологтарының еңбегі атап өтілді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *