«Қабылдаушы отбасылар институты аясында мамандардың біліктілігін арттыруға дайындық»

2025 жылғы 17 шілдеде Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» базасында қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері мен әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлеріне арналған «Қабылдаушы отбасылар институты аясында мамандардың біліктілігін арттыруға дайындық» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар 2025 жылғы 1 шілдеден бастап ресми түрде енгізілген отбасылық тәрбиенің жаңа үлгісі — кәсіби қабылдаушы отбасы формасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Семинарға 20 маман қатысты.
Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрінің 2025 жылғы
31 наурыздағы №61 «Кәсіби қабылдау отбасылар туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аталған семинар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинар лекторлары — «Ана үйі» ҚҚ-ның Ұлттық асырап алу агенттігінің аймақтық директоры Байсарина Г.К., және Астана қаласындағы БАЖҰА-ның психологы Иманбетова Д.С. үміткерлермен сұхбат жүргізу үдерісін ұйымдастыру және өткізу барысымен егжей-тегжейлі таныстырды. Бұл кезең — заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, тұрғын үй жағдайын бағалау және психологиялық даярлықтан өту секілді іріктеудің маңызды сатысы болып табылады.
Үміткерлердің моральдық және жеке қасиеттерін, олардың ынтасын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге дайындығын бағалау әдістеріне ерекше назар аударылды. Әр балаға тұрақтылық, қамқорлық пен дамудың шарты ретінде отбасын орналастыруға кәсіби көзқарастың маңыздылығы атап өтілді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *