«Психологиялық қолдау орталығы» ұйымдастырған мектепке дейінгі ұйымдар мен ТжКБ педагог-психологтары шығармашылық тобының отырысы өтті

2024 жылы 23 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» ұйымдастырған мектепке дейінгі ұйымдар мен ТжКБ педагог-психологтары шығармашылық тобының отырысы өтті.

Отырысты ПҚО басшысы Капанова Г.К. ашты, ол “Психологиялық қолдау орталығының”, негізгі миссиясы, алдағы жұмысы және қызмет бағыттары туралы баяндады. Әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Исабекова А.И. мен әдіскер Хамзина К.М. Психологиялық қолдау орталығы қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде, алдағы оқу жылы ішінде шығармашылық топтар жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында мектепке дейінгі балалар ұйымы мен техникалық және кәсіптік білім беру педагог-психологтарының 2024-2025 оқужылына арналған жылдық жұмыс жоспары талқыланып, қарастырылды. Астана қаласы білім беру ұйымының психологиялық қызметінің жұмысы туралы қолданыстағы №377 бұйрықты негізге ала отырып, жоспар құруға қойылатын талаптар талқыланды. Шығармашылық топтардың отырыстары білім беру ұйымдарында Психологиялық қызметтердің қызметін жетілдіру үшін Психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес тоқсан сайын өткізілетін болады.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *