2024 жылы 2 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы мен «Психологиялық қолдау орталығы» №88 мектеп-лицейінде Ресей Федерациясының «Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орталығы» өкілдерімен «Психологиялық қолдау орталығы: тәжірибе алмасу және алдағы жоспарлар» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу мақсаты — білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және психологиялық қолдау орталықтары жұмысының тиімді әдістерімен тәжірибе алмасу.
Келген қонақтар үшін көрме ұйымдастырылып, елорда білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтері жұмысында қолданылатын инновациялық сандық технологиялар және психологиялық кеңес беру кабинеттерінің жұмысы көрсетілді. Психологиялық қолдау орталығының психологтары «Балақайлар мектебінің» қатысушыларымен «Қауіпсіздік сабақтары» квест-ойынының элементтерін көрсетті.
Кездесудің іс-шара модераторы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің маманы Нуржан Жібек Дауытбаевна, ҚР білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ерекшеліктері туралы баяндады. Тәжірибені жалпылау бойынша ҚР ОМ «ӨРКЕН» Балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының»» аға ғылыми қызметкері Г.И. Сыздыкова, Астана қ. әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ басшысы Г.К.Капанова, тәуелділерге психологиялық көмек көрсету «Komek Center» орталығының басшысы А.И. Абдукаримов баяндамалар жасады. Спикерлердің сөз сөйлеуі диалог алаңында өтіп, жасөспірімдер мен ата-аналарға психологиялық-консультациялық көмек көрсету тәжірибелерімен алмасты. Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар үшін мектеп аумағындағы этно-ауылға экскурсия өткізілді. Қонақтар өткізілген іс-шара туралы оң пікірлер қалдырып, психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру мәселелерінде ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды.
Психологиялық қолдау орталығы іс-шараны өткізу кезінде қолдау көрсеткені үшін №88 мектеп-лицей басшысына және педагогикалық ұжымға алғысын білдіреді.

