2024 жылдың 28-ші тамыз күні № 97 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Психологиялық қолдау орталығы қызметінің мақсаттары, міндеттері, негізгі бағыттары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласының орта білім беру, мектепке дейінгі ұйымдардың 225 әлеуметтік педагогтары, педагог-психологтары қатысты.
Алғы сөзбен Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Адылбаев С.Т., № 97 МГ директоры Киянова З.Е., ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас сарапшысы Нұржан Ж.Д. шықты, өз сөзінде қазіргі баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың маңыздылығы жайлы атап өтті. Семинар барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өркен» Балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының» вице-президенті Балгабаева Г.К., Қазақстан Республикасындағы психологиялық қолдау орталықтарының миссиясы туралы айтып кетті. 9 сынып оқушысы Бәкен Бекжан ән-шашу сыйлап, жиналған қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады. ПҚО қызметкерлері педагогтарға орталықтың негізгі бағыттары туралы толық мәлімет берді.

