«Психологиялық қолдау орталығы» КММ және  «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы, «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы және кәмелетке толмағандармен жұмыс саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

12 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ және  «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы, «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы және кәмелетке толмағандармен жұмыс саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Құжаттың мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларына психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету бағытында мемлекеттік органдар мен мамандар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Меморандумға қол қою жас ұрпақ үшін қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмыстың маңызды қадамы болып табылады.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *