Психологиялық көмек көрсетудің автоматтандырылған жүйесі

2024 жылдың 2 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ, басшысының орынбасары Ибрагим М.Б., және әдістемелік бөлімнің әдіскері Хамзина К.М., Психологиялық-педагогикалық мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің («HR+» ППМАЖ) үйлестірушілерімен бірігіп «Психологиялық көмек көрсетудің автоматтандырылған жүйесі» платформасын енгізу бойынша, ТжКБ білім беру ұйымдарының психологиялық жұмыс қызметін цифрландыру мақсатында ZOOM платформасында, онлайн кеңес өткізді. Кеңеске 17 Елордалық педагог-психологтар, ТжКБ директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.

ППМАЖ арқылы педагогтар мен психологтар айқын әдістемелер мен құралдарды пайдалана отырып,жұмыстарын жеңілдеттіре алады. Жүйе білім беру мекемелерінде әртүрлі жағдайлар мен проблемаларды зерттей отырып, деректерді жинау және талдау арқылы әсерлі шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *