Профилактикалық жұмыс алгоритмін талқылау

Білім басқармасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аутодеструктивті мінез-құлқы бар балаларды ерте анықтау және оларға көмек көрсетуге бағытталған №170 бірлескен бұйрығы аясындағы іс-қимыл алгоритмін талқылауға арналған жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің мамандары, тәжірибелі сарапшылар, сондай-ақ мектептердің практик-психологтары қатысты. Іс-шара барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне, профилактикалық жұмыс шеңберінде білім беру ұйымдарының әрекет ету алгоритмін нақтылауға, сондай-ақ тәуекелдердің алдын алу және балаларға уақтылы көмек көрсету бойынша тиімді кешенді шараларды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейтуге, денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби дайындығын арттыруға және балалардың психикалық денсаулығын қорғауда жүйелі тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Осындай кездесулерді өткізу қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында барлық құрылымдардың үйлесімді және тиімді іс-қимылын жолға қоюға ықпал етеді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *