2024 жылы 10 желтоқсанда Астана қаласы филиалының «Әкелер Одағы» РҚБ төрағасы Бекдайыр Күзембай Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-де болып, ПҚО жұмысының негізгі миссиясымен және бағыттарымен танысты. Бекдайыр Күзембай ұжыммен таныса отырып, Орталықтың жұмыс бағытының маңыздылығын жоғары бағалады, сондай-ақ ПҚО басшысы Капанова Г.К. бірге ата-аналар жұртшылығын психологиялық-педагогикалық ағарту мәселелерінде одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

