Педагогтердің тәжірибе алмасуына арналған вебинар

2025 жылғы 18 сәуірде «Психологиялық қолдау орталығының» ұйымдастыруымен Zoom платформасында республикалық деңгейдегі вебинар ұйымдастырылды. Іс-шара педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуын қолдау, сондай-ақ авторлық, оқу-әдістемелік материалдар мен бағдарламалар негізінде тиімді тәжірибелерді тарату мақсатында өткізілді. Вебинарға Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай қалалары мен Абай облысынан 43 педагог-психолог мамандар қатысты. Педагогтер өздерінің авторлық әдістемелері мен тәжірибелерін ортаға салып, кәсіби пікір алмасу алаңында белсенділік танытып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *