2025 жылғы 16 сәуірде №71 МЛ базасында «Психологиялық қолдау орталығының» әдіскерлері Астана қаласындағы білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтарына арналған қалалық семинар ұйымдастырды.
«Педагог-психологтың кәсіби шеберлігін арттыру механизмі ретінде педагогикалық-психологиялық рефлексия» тақырыбындағы семинарға 30 педагог қатысты.
Іс-шара барысында рефлексияның маман кәсібилігін арттырудағы рөлі, арт-терапия әдістері арқылы өзіндік талдау жасау мүмкіндіктері және кәсіби белсенділікті дамыту жолдары қарастырылды.
ЖПМ аясындағы семинарлар жас мамандардың кәсіби дамуына ықпал етіп, тәжірибелі мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.

