22 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығының» бастамасымен, орталықтың бас кеңсесінде Астаналық жалпы білім беру мектептерінің әлеуметтік педагогтарының шығармашылық тобының жұмыс отырысы өтті. Кездесу алдағы оқу жылына арналған іс-шараларды жоспарлауға, өзара тиімді әрекеттесу мен идеялар алмасуына бағытталды.
Отырыс барысында әлеуметтік педагогтардың қызметіндегі нормативтік-құқықтық сипататындағы сұрақтар талқыланды. Мектептегі әлеуметтік педагогтардың қызметін жоспарлау және ұйымдастыру, олардың функционалдық міндеттері туралы айтылды. Әлеуметтік педагогтардың жұмыс сапасын, біліктілігін арттыру, әдістемлік құралдармен жабдықталуы, тәжірибелік семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруы қажеттілігі жайлы айтылып өтті.

