28 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ әдіскерлері №84 МГ қалалық семинар өткізді. Мектепте булингке және зорлық-зомбылыққа жол бермеуге арналған семинарға 55 педагог қатысты.
Семинарда №4 МГ Мошке А., №56 МЛ Жаппашева А.Р., №65 МГ Балгжина А.Р., №84 МГ Қайракбаева А.А., Такеева Н., Билялова А. педагог-психологтары мектептегі зорлық-зомбылықпен күресу тәжірибесімен бөлісті, буллингтің алдын алу шаралары бойынша практикум өткізді. Семинарға қатысушылар кездесулердің осындай форматының маңыздылығын атап өтті. Баға жетпес білімдерімен бөліскен барлық педагогтарға алғыс хаттар табысталды.

