Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг фактілерін анықтаудың тиімді әдістері

30 қазан күні «Психологиялық қолдау орталығының» әдіскерлері №86 МГ базасында оқытушы-психологтарға арналған «Кәмелетке толмағандарға қатысты буллинг фактілерін анықтаудың тиімді әдістері» тақырыбында қалалық семинар өткізді, оған 120 психолог қатысты.

Ынтымақтастық аясында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының доценттері Мандыкаева А.Р., Уталиева Ж.Т. мектептерде моббингтің алдын алу үшін қажетті жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Исабекова А. К. профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті, ПҚО әдіскерлері Абрамова О.А., Хамзина К.М. «HR+ АСППМ» жүйесінде жұмыстың жаңа бағыттарымен таныстырды. Орталықтың психологы Борисов Я. А. «STOP-Буллинг» жобасының негізгі бағыттарын көрсетті. Әдіскер Қошқарбаева С.С. оқушылар арасында буллинг фактілерін анықтаудың тиімді әдістері туралы айтып берді. Семинар соңында психологтар сұрақтар қойып, әдіскерлерден өз жауаптарын алды.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *