23 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ «Қызмет көрсету және туризм» колледж педагогтарына арнап «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-практикум өткізді, семинарға барлығы 25 педагог қатысты.
ПҚО әдіскері Күлпан Мұхтаровна, «Жасөспірімдер ортасындағы аутодеструктивті мінез-құлық – бұл жас кезеңіндегі психологиялық және әлеуметтік қиыншылықтардың нәтижесінде пайда болатын, жеке тұлғалардың өзіне зиян келтіруге бағытталған әрекеттері. Аутодеструктивті мінез-құлықтың бірнеше түрлері бар, оның ішінде: өзін-өзі жарақаттау, ұйқысыздық, алкоголь мен наркотиктерді қолдану, агрессия және суицидтік ойлар, екенін атап өтті.
Семинар соңында жиналған оқытушыларға аутодеструктивті мінез-құлық туралы видеороликтер көрсетіліп, аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім балаларды ерте анықтау бойынша ұсыныстар берілді.

