30 қазан Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен ПҚО Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған ерекше кездесу өтті. Қазақстанға алғаш рет жұмыс сапарымен Францияның аутизмі бар әйелдер қауымдастығының (AFFA) Президенті, халықаралық сарапшы Мари Рабатель келді.
ПҚО басшысы Г. К. Капанова қонақтарды Орталық қызметімен, іске асырылып жатқан жобалармен, балалар мен ата-аналарға көрсетілетін психологиялық, әлеуметтік көмек бағыттарымен таныстырды.
Кездесу барысында психологтар мен әдіскерлер Мари Рабательдің қызметі туралы деректі фильм көріп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған ЕББҚ бар кәмелетке толмағандарды анықтау әдістерін, балалардың құқықтарын қорғау және қолдау тетіктерін талқылады. Мари Рабатель өзінің жеке тәжірибесімен және өз қызметінің маңыздылығымен бөлісті.
Ашық диалог қатысушыларды жаңа бастамаларға және одан әрі ынтымақтастыққа шабыттандырды.





