17 сәуір күні ПҚО психологтары №2 МГ және №75 МГ 4-6 сынып оқушыларына арналған достық қарым-қатынасты қалыптастыру және нығайту мақсатында тренинг ұйымдастырды. Оқуға барлығы 45 оқушы қатысты.
Оқушылар командалық жұмыстар арқылы топпен жұмыс істеудің маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалауға бағытталған қызықты ойындар ойнатылып, балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға көңіл бөлінді. Шара барысында тақырыптық видеороликтер көрсетіліп, балалармен пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Психологтар практикалық жаттығулар жүргізіп, оқушылардың өз ойларын ашық айтуына және бір-бірін түсіне білуіне мүмкіндік жасады.

