2025 жылдың 10 қыркүйегінде Алматы қаласында КЕАҚ «ӨРКЕН» БӘААҰҒПИ» ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алуға бағытталған «ДосболLIKE» бағдарламасын енгізу бойынша республикалық семинар өтті. Іс-шараға өңірлік «Психологиялық қолдау орталықтарының» директорлары мен балалар психологиясы саласындағы жетекші мамандар қатысты. Біздің орталықтан семинарға жетекшіміз Г.К. Қапанова қатысып, тәжірибе алмасты. Бағдарлама аясында буллингтің алдын алуға бағытталған құндылықтық бағдарлар мен мақсаттар, суицид қаупі бар буллингті ерте диагностикалау әдістері қарастырылды, нақты жағдай бойынша интервизия шеберлік сабағы өткізілді, сондай-ақ бағдарламаны енгізудің тиімділігін бақылау және бағалау тәсілдері ұсынылды. Семинар білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алуға бағытталған «ДосболLIKE» бағдарламасын сәтті енгізуге арналған маңызды алаңға айналды.

