2024 жылдың 19 тамызында Назарбаев Зияткерлік мектептері Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінің «ПҚО» үшін «Kiva» «Буллингке қарсы бағдарламасы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырып, Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығының» 8 қызметкері қатысты.
Семинар-тренингке қатысушылар «KiVa» буллингке қарсы бағдарламасының пайда болу тарихымен, оны қолданудың әлемдік тәжірибесімен, негізгі ұғымдармен танысты. Алдын алу шаралары мен балалармен жұмыс істеу әдістері талқыланды.
Семинар-тренингте Орталық қызметкерлері балалармен өткізуге болатын басқалардың сезімдерін жақсы түсінуге көмектесетін коммуникация әдістерін үйрететін митинг ойындарына белсенді қатысты.
Семинар-тренингте қатысушыларды «Kiva» буллингке қарсы бағдарламасының жұмыс принциптерімен таныстыру маңызды болды.

