Әр күн сайын «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары, Астана қаласындағы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге «Қауіпсіздік сабақтарын» өткізуде. Кезекті сабақ 22-тамыз күні 97-ші мектеп-гимназиясында өтті.
Балаларға арналған қауіпсіздік сабақтары – бұл жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. ПҚО психологтары ұйымдастырған сабақтар балаларға күнделікті өмірде кездесетін қауіптерді түсінуге, әрі қорғануға көмектеседі. Олардың мазмұны түрлі тақырыптарды қамтиды: «Бейтаныс адамнан еш нәрсе алма», «Бейтаныс адамдармен сөйлеспе», «Бөтен адамға есік ашпа». Балалар бар зейіндерін қойып халықаралық «Көмек сұрау» белгісін қалай беру керектігін үйренді. Сабақ соңында балалар қойылған сұрақтарға жауап беріп, орталық психологтары ұйымдастырған сабақ бойынша өз ойларын білдірді.

