22 қаңтар №91 МГ «Болашақ психологтар мектебі» жобасына қатысушы оқушылармен ПҚО психологтарының кездесуі өтті. Іс-шара мектеп психологы А.О. Омировамен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылармен танысу жүргізіліп, психолог мамандығы туралы кіріспе дәріс оқылды, сондай-ақ психологиялық көмектің маңызы, оның қазіргі қоғамдағы рөлі және осы саладағы болашақ кәсіби әрі тұлғалық даму мүмкіндіктері туралы мазмұнды әрі танымдық әңгіме өтті.
«Болашақ психологтар мектебі» жобасы оқушылардың психологияға деген қызығушылығын қолдауға, психологиялық мәдениетті дамытуға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған.

