14 қараша күні «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары Талғат Бигелдинов атындағы №1 МЛ 8-сынып оқушылары үшін тренинг өткізді. «Біз бірге!» атты бұл шара оқушылардың өз күшіне деген сенімін арттыру, мақсатқа жетуге деген ынтасын күшейту және сынып ішіндегі бірлікті нығайтуға бағытталды. Сонымен қатар балаларға «Байқоңыр» ауданы прокуратурасының «QR-Сенімен» жобасы таныстырылып, тегін психологиялық көмек алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
Тренинг таныстыру жаттығуынан басталып, жылы әрі достық атмосфера қалыптастырылды. Оқушылар бейнеролик көріп, оның мазмұнын талқылады. Бұдан кейін топтық қолдау, эмоционалдық шиеленісті төмендетуге және өзара қолдау көрсетуге бағытталған «Орнын ауыстыр…», «Молекула» және «Комплимент» сияқты белсенді жаттығулар орындалды.
Соңында қатысушылар «Менің сыныпқа айтар сөзім» рефлексиясында өз әсерлерімен бөлісті.
Тренинг қызықты өтті және оқушыларға өздерін біртұтас команда ретінде сезінуге көмектесті.

