26 қараша күні Т. Бигелдинов атындағы №1 МЛ базасында ПҚО психологтары 7-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг өткізді. Шара барысында оқушылар команда болып жұмыс істеуді, бірін-бірі жақсырақ түсінуді және белсенді тыңдауды, ойын түріндегі тапсырмалар арқылы үйренді.
Тренингте әлеуметтік-психологиялық әдістерге негізделген арнайы жаттығулар орындап, қатысушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Жылы да қолайлы атмосфера балалардың өздерін еркін сезінуіне және үйлесімді дамуына ықпал етті.
Мұндай іс-шаралар сынып ішіндегі достық қарым-қатынасты нығайтып, мектептегі ортада дені сау, ынтымақты өзара әрекеттесуді қалыптастыруға зор үлес қосады.

