12 қыркүйекте № 105 мектептің ата-аналарына «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары «Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында ПҚО психологтары ата-аналарға мектептердегі психологиялық ахуал туралы, балалардың эмоционалдық жағдайлары, оқу процесіне әсер ететін факторлар және балалардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туралы айтып өтті. Сондай-ақ, психологтар ата-аналарға бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңі туралы ақпарат, ұсыныстар беріп, бейнероликтер көрсетті.
Кездесу соңында ПҚО-да кеңес беру кабинеттері бар екені, керек кезде ата-аналарымен балалар көмекке жүгіне алатындықтары туралы аталып өтті.

