«Халықаралық мамандандырылған гимназияның №81 Astana English School» мектебінің болашақ бірінші сынып оқушылары бүгін 2024 жылдың 16 тамыз күні өздерінің бірінші қауіпсіздік сабақтарын игерді. Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» психологтары қауіпсіздік ережелерін оқыту бойынша кезекті сабақтарын өткізді.
Балалар бейтаныс адамдармен өзін қалай ұстау керектігін көрсету қойылымына құштарлықпен атсалысты, диалогтық форматта өткізілген топтық ойындарда өздерін жоғары көрсетті және келесі тақырыптағы жобаларды қорғады: «Сірінке ойыншық емес!», «Электр қуатын пайдалану ережесін білесің бе?».
Мектеп педагогтары өткізілген іс-шараға жоғары бағаларын беріп, балалардың күнделікті өмірінде қауіпсіздік тақырыбының өзектілігін атап өтті.

