28 тамызда ата-аналар қауымымен тәрбие жұмысы аясында практик-психолог, Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ психологиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Қошаналиева Э.Қ. ата-аналар жиналысында «Баланы табысты тәрбиелеуде психологтың кеңесі» тақырыбында сөз сөйледі. Жиналысқа 223 ата-ана қатысты.
Элеонора Қайратқызы 1-5 сынып оқушыларының мектептегі бейімделу кезеңі туралы пайдалы ақпаратпен бөлісіп, жеткіншектерге дұрыс тәрбие беру жөнінде ұсыныстар айтып өтті. Сонымен қатар ата-аналарға әсерлі бейнероликтер көрсетілді. Өз сөзін қорытындылай келе, ол ата-аналарға елорданың 5 ауданында «Психологиялық қолдау орталығы» базасында және кеңселерде орналасқан тегін психологиялық кеңес алу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат берді.

