2025 жылдың 2-4 сәуірінде Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Өркен» БӘАҰҒПИ» КеАҚ және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің 2025 жылға арналған ынтымақтастықтың жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде, білім беру ұйымының бір педагог-психологтарына және ПҚО психологтарына арналған «Балалармен жұмыс істеудегі травмаға бағытталған тәсіл» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында балалармен және ата-аналармен жұмыс істеудің әдістерінің бірі ретінде травмаға бағытталған тәсіл түсіндірілді, бұл тәсіл травматикалық тәжірибенің олардың өміріне, мінез-құлқына және эмоциялық күйіне әсерін түсінуге негізделген.
Іс-шараға Астана қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарының 12 психологы, 2 ПҚО әдіскері қатысты.

