22 желтоқсан ПҚО базасында Астана қаласындағы колледж басшыларына арналған «Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шара «Білім беру ұйымдарында суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтау алгоритмі бойынша бірлескен жұмыс» бағыты, №170 бұйрық аясында өтті. Семинарға 19 колледж басшылары қатысты.
Семинар қиын өмірлік жағдайға тап болған, өтініштері мен сұраныстары бар, тәуекел тобына жататын балаларға психологиялық қолдау көрсетудің бірыңғай әрі тиімді алгоритмін түсіндіру және білім беру ұйымдары басшыларының осы бағыттағы құзыреттілігін арттыру аясында өтті.
Іс-шара барысында тәуекел тобына жататын балаларды сүйемелдеу мәселелері, психологиялық қызметтің рөлі, колледж әкімшілігімен және әлеуметтік қолдау бөлімдерімен өзара әрекеттесу тетіктері қарастырылды. Қатысушыларға көмек көрсету алгоритмінің құрылымы таныстырылып, жағдайды бағалау, бағыттау, тиісті қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырудың практикалық тәсілдері талқыланды.

